Қызылорда облысында Арыстанды-Қарабастың бораны басталды

1402

Арыстанды-Қарабастың бораны Сыр өңірінде Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшқан кезде орын алатын құбылыс.

Қызылорда облысында Арыстанды-Қарабастың бораны басталды

Сыр өңірінде Арыстанды-Қарабастың бораны басталды.  Апталап соғатын жел жерді құрғатып, жаңа егілген дәнді дақылдар күйіп кетеді деген қауіп бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Арыстанды-Қарабастың бораны Сыр өңірінде Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшқан кезде орын алатын құбылыс. Бұл құбылыс 1961 жылдан бері жалғасып, содан бері Қызылорда халқы төзіп келеді.

Қазіргі боранды да  жергілікті тұрғындар өткен жылы 11 қарашада  апатты жағдайға байланысты ұшпай қалған "Союз МС-10" ғарыш кемесінің 14  наурыздан 15 наурызға қараған түні ұшқандығынан көріп отыр. Оны растаған "Роскосмос" ресми мәлімдемесіне қарағанда, аспанға Байқоңырдан көтерілген "Союз-МС-12" ғарыш кемесінің бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин (Роскосмос), американдық астронавт Ник Хейг (NASA) және Кристин Кук (NASA) бар. Олар қазірдің өзінде Халықаралық ғарыш жүйесінің сегментіндегі ресейлік "Рассвет" ғылыми-зерттеу модулімен түйісуге әзірленуде. Корабль ғарышкерлерді станцияға жеткізген соң, олар ұзақ мерзімдік экспедициясын бастамақ. Астронавтардың станцияға ауысып мінген кезін ресейліктер тікелей эфирден тамашаламақ.

Ауа-райының күрт құбылуы жөнінде төтеншеліктер "Қызылорда облысында наурыздың 15-17-сі аралығында желдің  минутына 15-20 метрге ұйытқу қатері бар" деп шұғыл хабарлап жатыр.

Ал, егер де Наурыз тойын атқарушылар мен егіс егуге қамданушыларға Байқоңырдан ғарыш кемесі ұшатындығын бұдан ертерек хабарласа, мұндай әбігершілік орын алмас еді. Наурызды да он күнге тойламай, мүмкіндігінше қысқа мерзімде өткізуге қам жасар еді.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан корабльдердің салдарынан Арыстанды-Қарабас боранынан Сыр өңірі, Қостанай, іргелес Ақтөбе, Маңғыстау дихандарының қаншалықты шығын шегетіндігін, топырақ қабатының қаншалықты құрғайтындығын зерттеп жатқан мекеме Қазақстанда жоқ секілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу