Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған әйел ұсталды

162

Күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған әйел ұсталды Фото: Қызылорда облысы ПД

Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тасымалдаған азаматша ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

ПД мәліметінше, Қызылорда облысында ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Аталған шара облыстық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.

"Іс-шара барысында Ақтөбе қаласынан 5,66 грамм, аса ірі мөлшерде "мефедрон" түріндегі синтетикалық есірткі затын Байқоңыр қаласына тасымалдағаны үшін күдіктелген азаматша ұсталды. Ол синтетикалық есірткі затын заңсыз иемденіп, өзімен бірге сақтаған. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр",  делінген ПД мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу