Қызылорда облысында ауаға оқ атқан азамат ұсталды

500

Ер адамнан қару тәркіленді.

Қызылорда облысында ауаға оқ атқан азамат ұсталды Фото: Polisia.kz

Оқыс оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу