Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасы бастау алды

1135

Микрокредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін беріледі.

Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасы бастау алды

Биыл Қызылорда облысында 2,5 пайызбен несие беретін "Ауыл аманаты" жобасына 3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жүзеге асырылатын жобаларға қарастырылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен "Ауыл аманаты" арнайы  бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды жұмыс басталды. Бұл ретте, Қызылорда облысына ағымдағы жылы 3 млрд теңге бөлініп, 600 микрокредит беруге және 636 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

"Ауыл аманаты" жобасы ең алдымен ауылдық жердегі халықтың табысын арттыру бағытына көзделген. Жоба өңдеу саласына қатысты жобаларды қаржыландыру (жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы), өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығын дамыту және басқа да бизнес жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Микрокредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы - ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8,0 мың АЕК.  Номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5 пайыздан аспайды, -деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлы.

Айта кететін жайт, несие алушыларға бірқатар талаптар қойылады. Несие алушыны жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы, мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы, несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс, несиені кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы, құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру, қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу керек. 

Сонымен қатар, жобаны ауыл аймақтарда жан-жақты түсіндіру бойынша облыстық және қалалық, аудандық арнайы жұмысшы топтар құрылып, тиісті түсіндіру жұмыстарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу