Қызылорда облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

631

Жалағаш ауданы Аққұм ауылының тұрғынынан есірткі затын анықталды.

Қызылорда облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған Фото: polisia.kz

Қылмысқа күдіктелген азамат өз үйінің ауласында тұрған автокөлігінің жүргізуші орындығында екі қағаз қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас кептірілген белгісіз шөп тектес зат сақтаған.

Сонымен катар тексеру барысында үйдің ауласында орналаскан екі сарайдан 8 целлофанға және пластмассалы құтыға салынған есірткі заттары заттай дәлелдеме ретінде алынды. Күдікті азамат уакытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу