Қызылорда облысында Арал теңізінің жағалауына бара жатқан шетелдік туристер қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың көліктері батпаққа батып, әрі қарай жүре алмай қалған.
Қытай мен Ресейден келген саяхатшылар бейтаныс жерде қалып қойған соң, "102" арнасына хабарласып, көмек сұраған.
Оқиға орнына Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ержан Құлекенов пен табиғат қорғау инспекторы Нұрсұлтан Сағымбаев барған.
Полицейлер жергілікті тұрғындармен бірлесіп, туристердің көліктерін батпақтан шығаруға көмектесті. Нәтижесінде шетелдік азаматтар сапарларын жалғастырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу