Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен биыл 126 қылмыстың беті ашылды

192

Бейнекамералар полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетті. 

Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен биыл 126 қылмыстың беті ашылды Фото: gov.kz

102 мобильді қосымшасына 25 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарды. Биыл бейнебақылау камераларымен 44 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 36 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. "Мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық дерегін, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам дерегін, қоғамдық орындарда тиісудің 300 фактісін тіркеді", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу