Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиакомпаниясының тікұшақ экипажы орындады.
"Әуе кемесінің бортында экипажбен бірге баланы ертіп жүрген медицина қызметкерлері болды. Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Бала медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді", – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу