Саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлық табысталды.
"Бүгін – ел өмірінде маңызды күн. Республикалық референдумда өз таңдауын жасаған көпшіліктің саны аз емес. Арал ауданының жырақта жатқан Ақирек ауылдық округінің тұрғындары да оған белсенді қатысып жатыр. Біз де өз таңдауымызды жасауға арнайы келдік", — дейді олар.
Әулеттің ең үлкен келіні 89 жастағы апа Айдынкүл Еңсепова болса, ол кісінің тұңғыш келіні Күлзипаш Еңсепованың жасы 66-ға толған. Ал дауыс беруге олардың 19 жастағы келіні де келді.