Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда 2023 жылдан бастап алкоголь өнімдері сатылмайды.
Нәтижесінде, содан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
– Ауылда 2 дүкен бар. Оның ешқайсысында алкоголь сатылмайды. Учаскелік инспектор қызметін атқарамын. Сондықтан алғашқы кезекте ауыл тұрғындары және ақсақалдар, ауыл әкімшілігі, жергілікті мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнаттым. Тұрғындар арасында профилактикалық шаралар жиі жүргізіледі, – деді учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жеңісбек Төребай.
Сондай-ақ, учаскелік инспектор мектеп қызметкерлерімен де тығыз байланыс орнатып, оқушылармен, ата-аналармен рейдтер ұйымдастырып тұрады.