Қызылорда облысында бір жасар сәби шұңқырға құлап мерт болды

626

Қызылорда облысында бір жастағы сәби есік алдындағы септикке құлап көз жұмды.  

Қызылорда облысында бір жасар сәби шұңқырға құлап мерт болды Фото: egemen.kz

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12:55-те хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz.

"Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары өз күшімен сыртқа шығарды", – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу