Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күні мақсатына сай пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оны қайта айналымға қосу жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жылы 157 мың гектар жер қайтарылды (жоспар – 150,0 мың гектар, орындалуы 104%), биылғы жылы 200 мың гектардан астам жерді қайтарамыз.
(2022 жылы қайтарылған (157,1 мың гектар) жердің 19,6 мың гектары (оның ішінде 2022 жылы – 8,1 мың га, 2023 жылы – 11,5 мың га) шаруашылық жүргізу мақсатында табысталып, қайта айналымға енгізіді)", – деді өңір әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу