Қызылорда облысында биыл 6400 тұрғын үй салынады

784

Қызылорда облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 784 мың шаршы метр немесе 6400 тұрғын үй салу міндеті тұр. 

Қызылорда облысында биыл 6400 тұрғын үй салынады

Биылғы І тоқсанда салаға 6,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 130,3 мың шаршы метр болатын 922 жеке үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 9,6 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылып, 1385 адам жұмыспен қамтылады.

Кредиттік немесе жалға берілетін 873 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 22 жобаны іске асыру үшін 5,3 млрд теңге қарастырылған. І тоқсанда бұл мақсатқа 60 млн теңге аударылып, ол толықтай игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 43,8 мың шаршы метр болатын 680 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 825 адам жұмысқа тартылады.

Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 17 жобаны іске асыру үшін 1,9 млрд теңге қарастырылған. Оған 12 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 193 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол жобаларды іске асыру үшін 301 адам жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 309 тұрғын үй қарызына 3 млрд теңге қарастырылып отыр.

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 8 жоба іске асырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу