Қызылорда облысында полицейлер бопсалаушылар тобын ұстады. Олар Қызылорда облысының тұрғынына әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерін жариялаймыз деп қорқытқан. Деректерді жария етпегені үшін күдіктілер 7 млн теңгені талап етті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған факті бойынша, Қызылорда облысы Полиция департаменті Қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде кезекші тәулікте облыстың 34, 32 және 22 жастағы күдікті тұрғындары ұсталды. Заттай дәлелдемелер ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік тәркіленді.
Қазіргі таңда, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша, соның ішінде мәліметтерді тарату қаупіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.