Қызылорда облысында бруцеллез анықталған 70 мал сойылды

89

Оның ішінде уақ мал мен мүйізді ірі қара негізгі үлесті құрайды.

Қызылорда облысында бруцеллез анықталған 70 мал сойылды Фото: orlovka.farm

Қызылорда облысында биыл адам мен жануарға ортақ қауіпті бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында 866,1 мың малдан қан сынамасы алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, зертханалық тексерістер нәтижесінде 42 сиыр мен 28 ұсақ малдан бруцеллез белгілері табылып, олар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай дер кезінде сойылды.

Қазіргі таңда өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жыл соңына дейін облыстағы 1,7 миллионнан астам малдың қаны толықтай зерттеуден өтеді деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу