Қызылорда облысында былтыр төрт күріш өңдеу зауыты іске қосылды

2359

Жобалардың жалпы құны 380 млн теңгені құрайды (374,96/$1).

Қызылорда облысында былтыр төрт күріш өңдеу зауыты іске қосылды

Қызылорда облысында 2018 жылы төрт күріш өңдеу зауыты іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Жобалардың жалпы құны 380 млн теңгені құрайды (374,96/$1).

Шиелі ауданында "Бағбан Әшіров" ШҚ қуаттылығы тәулігіне 45 тонна болатын зауытты іске қосты. Жобаның құны – 110 млн теңге.

Қуаттылығы тәулігіне 100 тонна болатын екінші зауытты Қармақшы ауданында "Жаңажол" ЖШС ашты. Аталған жобаның инвестиция көлемі 60 млн теңгені құрады.

Үшінші зауыт Жаңақорған ауданында бой көтерді, жобаны "Нұрбол и К" шаруа қожалығы алып шықты, зауыттың құны 60 млн теңге болды. Оның жобалық қуаты –  тәулігіне 45 тонна.

Сондай-ақ "Тан ЛТД" ЖШС Жалағаш ауданында жаңа зауыт ашты. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне – 100 тонна, құны – 150 млн теңге.

Жалпы, 2018 жылы облыста АӨК саласында 2,523 млрд теңге сомаға 12 жоба жүзеге асырылды.

Қызылорда облысы – Қазақстанның негізгі күріш өсіру аймағы, қазақстандық күріштің 90%-ы осы өңірде өсіріледі. Қызылорда облысының халқы шамамен 700 мың адамнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу