Қызылорда облысында креативті индустрияны және осы сала өкілдерін дамытып, қолдауға бағытталған өңірлік "Creative Caravan" жобасы бастау алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл жоба қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдар көрмесі, маркетинг бойынша тренингтер, заңгерлік кеңестер мен фотосессиялар өткізетін жылжымалы алаңға айналмақ. Сонымен қатар ұйымдастырушылар креативті индустрияны мемлекеттік қолдау шаралары туралы да ақпарат береді.
Осындай бағдарламамен керуен облыстың барлық аудандарын аралайды. Жобаның финалы 16 қазанда Қызылорда қаласында өтеді.
"Қазіргі таңда өңірде креативті индустрия саласында мыңға жуық субъект тіркелген", – делінген министрлік хабарламасында.