Қызылорда облысында ер адам дауыс беретін жәшікті сындырды

1585

Ер адам құжатсыз мас күйінде келіп, дауыс бермекші болған.

Қызылорда облысында ер адам дауыс беретін жәшікті сындырды

Арал қаласында мас адам дауыс беретін жәшікті бір теуіп сындырған, деп хабарлайды inform.kz.

Бұл туралы ОСК-те өткен баспасөз мәслихаты ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті. 

"Искаков деген азамат сайлау учаскесіне құжатсыз мас күйінде дауыс бермекші болып келіп, дауыс беру жәшігін бір теуіп сындырған", – ­деді Марат Қожаев.

ІІМ өкілі бұл адамды жауапқа тарту бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу