Қызылорда облысында ерекше ағаштар жерсіндіріліп жатыр

2648

Қызылорда облысында ерекше ағаштар жерсіндіріліп жатыр

Қызылорда облысының Қазалы ауданы туя, айлант, катальпа, үйеңкі сынды ерекше ағаштарды жерсіндіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орман шаруашылығының мамандары үш жыл бұрын жапырағы ерекше жайқалып тұратын туя ағашының тұқымын әкеп еккен. Алғашында жергілікті табиғатқа бейімделе алмағанымен, күтіп-баптаудың арқасында жерсіндірілді. Қазір көшеттерін көбейту жұмыстары жүріп жатыр. Таулы аймақта өсетін айлант пен катальпа ағаштары да Қазалы көшесінің көркін кіргізетін болады.

 "17 гектар жерді алып жатқан "Ояз" бағында жыл сайын сая ағаштардың 35 мың түп көшеті өсіріледі. Теңдей жартысы мекемелерге тегін үлестіріледі. Қалғаны сатылады. Жалпы, көшет дайындаумен 75 адам айналысады", - дейді аудандық орман шаруашылығы мекемесінің директоры Ардақ Кәдір. Ал Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аудандағы филиалында Арал теңізінің ұлтанына егілетін сексеуілдің көшеттері дайындалады. Мұнда жалпы саны 900 мың дана сексеуіл көшеті өсіріледі. Тұқым негізінен алпыс күннен артық сақталмайды екен. Қазір мамандар оның мерзімін ұзарту бойынша тәжірибе жасап көруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу