Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

202

 Қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.    

Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен 2022-2023ж. аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.    

Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу