Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталды

526

Заңсыз айналымнан 1 тонна 615 келі 939 грамм есірткі заты алынған

Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталды Фото: Polisia.kz

Қызылордада “Қарасора – 2023” іс-шарасы барысында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның алтауы қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр. 1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін жалғасады.

“Қарасора – 2023” іс-шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу. Іс-шара басталғалы облыс көлемінде барлығы есірткі қылмысына қатысты 39 құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде 20 дерегі – есірткі өсіру, 2 дерегі – есірткі өткізу, 3 дерегі – аса ірі мөлшерде сақтау және 14 дерегі – есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар.

Заңсыз айналымнан 1 тонна 615 келі 939 грамм есірткі заты алынса, оның 5 келіден астамы марихуана, 5 грамм гашиш және 1 тонна 610 келі каннабис өсімдігі алынды. Есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның алтауы қамаққа алынды. Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу