Қызылорда облысында есірткі таратушы ұсталды

367

Қызылорда облысында синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды. Тінту шаралары барысында ер адамнан есірткі салынған 165 түйіншек табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қызылорда облысында есірткі таратушы ұсталды Фото: gov.kz

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелерінің бірінде Kia автокөлігі тоқтатылып, көлікті тінту кезінде таратуға дайындалған 165 түйіншекке оралған есірткі заты анықталып, тәркіленді. Дәл сол жерде 20 жастағы облыс тұрғыны құрықталды.

Анықталғандай, күдікті облыс орталығында тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден жазулары бар пакет ішінен ақ түсті ұнтақтар, электронды таразы, фольга, изолента тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақ зат ретінде тәркіленген синтетикалық есірткі заттар (жалпы салмағы 233,28 грамм мефедрон және 249,7 грамм PVP).

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу