Қызылорда облысында балалардың газдан улануына байланысты арнайы комиссия құрылады

440

Қайғылы жағдай дүйсенбі күні таңертеңгі уақытта болған.

Қызылорда облысында балалардың газдан улануына байланысты арнайы комиссия құрылады Фото: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

Қызылорда облысына қарасты Шиелі кентінде газдан уланған екі кішкентай баланың өлімі дерегі бойынша комиссия құрылады. Бұл туралы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы жағдай дүйсенбі күні таңертеңгі уақытта болған. 6 және 3 жастағы екі бала табиғи газдан уланып көз жұмды. 

"Отбасы уақытша баспананы жалдап тұрған. Үй иесінің сөзінше, газ плитасының краны ашық болған. Жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Қызылорда облысында 2 сәби газға уланып, көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу