ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Қызылорда облысының тұрғынын көне бөкеннің мүйізін сатпақ болған жерінде ұстады.
"Ақбөкен дериватын ірі көлемде сату кезінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны ұсталды. Барлығы 100 келіден астам ақбөкен мүйізі алынды", делінген ҰҚК хабарламасында.
"Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен немесе олардың дериваттарымен аса ірі залал келтіретіндей заңсыз айналысу" бабы бойынша (ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі) тергеу басталды.
Ұсталған адам қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу