Қызылорда облысында ірі магистральдардың құрылысы аяқталды

869

Қызылорда облысында ірі магистральдардың құрылысы аяқталды

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында "Бейнеу-Бозой-Шымкент" дәлізі, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық магистралінің 812 шақырым және "Сексеуіл-Жезқазған" ірі жол жобаларының құрылысы аяқталды. Бұл жөнінде өңір әкімі Қырымбек Көшербаев ОКҚ-да өткен отырыс барысында айтты.

Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып өтті.

"Соңғы 4 жыл ішінде шикізат емес сектордағы өндіріс көлемі 50 %-дан 52%-ға дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі алты есе өсті. ЖӨӨ өңдеуші секторының үлесі 3,5 есе өсті", – деп хабарлады әкім.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 20 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі  4,9% құраған. 

Сондай-ақ, әкім агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдай туралы да айтып берді.

"Ірі малды, ұсақ малды ұстау бойынша біз көрсеткішті 34% арттырдық, жалпы рекордтық көрсеткіш 93% құрайды. Өсімдік шаруашылығына келетін болсақ, 4 жыл ішінде біз жыл сайын астықтың рекордтық көлемін алып отырдық. Өткен жылы облыс бойынша бір гектардан 56 центнер гектар алдық. Мұндай еліміздегі суармалы егіншілік тарихында бұрын-соңды болмаған. Қызылордалық күрішті 300 мың тоннадан жинасақ, өткен жылы 400 мың тоннадан артық жинадық", –  деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста әр түрлі халықаралық ұйымдармен 18 жоба әзірленіп жатқаны белгілі болды. Өңірде 80 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.  

Кездесу барысында әкім Қызылорда облысында қара алтын өндіру көлемі 1993 жылдан бастап едәуір азайғандықтан, мұнай өндіру аймақтарын жаңарту керектігін айтты. Қырымбек Көшербаев атап өткендей, мұнай, газ және уран облыс өнеркәсібінің 64%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу