Қызылорда облысында ірі мөлшерде есірткі еккен төрт тұрғын ұсталды

1064

Сора өсімдігінің 1086 түбі тәркіленді

Қызылорда облысында ірі мөлшерде есірткі еккен төрт тұрғын ұсталды Фото: Polisia.kz

"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1 086 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28-50 жастағы жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасына сора өсімдігін өсірген.

Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 сантиметрге жеткен. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі. Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы кептірілген марихуананың салмағы 723 грамм болып шықты.

Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу