Қызылорда облысында кәсіпкерлер мемлекеттен 500 млн теңге заңсыз алған

170

Прокурорлық тексеріс барысында кәсіпкерлер бала санын көбейтіп, жалған құжат әзірлегені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Қызылорда облысында кәсіпкерлер мемлекеттен 500 млн теңге заңсыз алған Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Аймақта балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған 300-ден аса жеке ұйым бар. Оларға үш жылда бюджеттен 11,6 миллиард теңге қаралған. Алайда кәсіпкерлер түрлі айла-тәсілге салып, 2762 баланы артығымен көрсетіп, заңсыз қаржы алып келген.

Ең сорақысы – Жалағаш ауданында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркегені анықталса, ал тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек баланы заманауи би үйірмесіне жазып қойған. Өрескел заң бұзушылыққа барғандардан мемлекет қаржысы қайта өндіріліп жатыр. Әзірге, 95 миллион теңге мемлекетке қайтарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу