Қызылорда облысында кәсіпкерлердің саны артып келеді

1915

Кәсіпкерлігі гүлденген аудандардың ішінде алдыңғы қатарда Қазалы тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қызылорда облысында кәсіпкерлердің саны артып келеді

Облыс әкімдігі былтырғы пандемиялық ахуалды талдай отырып, өңірдің 2023 жылға дейін экономикалық дамыту картасын қабылдаған еді. Оның аясында жалпы құны 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба ұсынылды. Былтырғы қорытындымен 89 жоба іске асып 1000-нан аса жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын жобалардың 60%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Яғни ауыл кәсіпкерлерінің үлкен сұранысына ие болған "Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы" арқылы 800 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі күні ауыл кәсіпкерлерінің жалпы құны 665 млн теңгені құрайтын 143 жобасы мақұлданды. Оның 62%-ы мал шаруашылығына бағытталса, 21%-ы қызмет көрсету саласын құрайды. 

Биыл аймақта тіркелген кәсіпкерлердің саны 7,7% ұлғайып республикада көш бастады. Аудандар арасында алдыңғы қатардағы Қазалыда өсім 26%-ды құраса, ең төменгі нәтиже Аралда 0,3%-ға көбейген, ал өндірілген өнім көлеміндегі өсім Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында ғана көрсетіп тұр. 

"Көрсеткіштердің төмендеуі сауда саласында да байқалады. Жалпы сауда көрсеткіші бөлшек, көтерме сауда және техникалық қызмет көрсету компоненттерінен құралады. Ағымдағы жылдың 4 айында облыстың жалпы сауда көрсеткіші 99,4% құрап, өңірлер арасында төменгі қатарда орналасып отыр",– дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов. 

Нұрбек Дәуренбеков
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу