Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант беріледі

1359

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант беріледі

Бұл бағыт бойынша облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. Конкурсқа әзірге 129 млн теңгені құрайтын 58 жобасы түсті. Құжаттар 11 қыркүйекке дейін қабылданады. Кәсіпкерлер "Бизнес-Кеңесші", "Бизнес-Бастау" жобалары бойынша арнайы курстардан оқытылады. Бүгінгі таңда, 100-ге жуық адамға курстан өткені туралы сертификат табысталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Өтінім берушілер жаңа бизнес идеяларын ұсынуы қажет. Аталған конкурсқа ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатысады. Ал банкте қарызы, салықтарға берешегі бар адамдар конкурсқа қатыстырылмайды", - деді Азамат Мақсұтұлы.

Айта кету керек, жоба құны 3 млн теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, ұсыныс беруші қаржының 10 пайызын өзі қаржыландырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу