Шиелі ауданының прокуратурасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында екі кәсіпкерге қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау шаралары заң талаптарын бұза отырып жүргізілгені белгілі болды. Кәсіпкерлердің тізілімге енгізілгеніне үш жыл толмағанына қарамастан, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз шығарылған екі нұсқаманың күші жойылды.
Заң бұзушылыққа жол берген мекеме басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.