Қызылорда облысында кене шаққан 4 адам қайтыс болды

1028

Өңірде 14 науқас тіркелген. 

Қызылорда облысында кене шаққан 4 адам қайтыс болды

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті конго-қырым геморрагиялық қызбасынан төрт адам қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының күдікті 33 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жағдай эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық жолмен расталды. Ауру жұқтырғандардың 13-і 30 жастан асқан ересектер, 1-еуі 11-сынып оқушысы.

Халық арасында кене шаққанда немқұрайлы қарап, өзін-өзі емдеп, ауруын асқындырып, ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсетін фактілер бар.  

Биылғы жылы тіркелген 14 жағдайда 4 адам қайтыс болды. Бұл Жалағаш ауданы, Шәменов ауылының, Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, Бекежанов ауылының тұрғындары.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда КҚЖА-ның күдікті 14 жағдайдың 8-і расталды. 2021 жылы өлім-жітім тіркелген жоқ.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 211 адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың арасында ауру анықталмады. Барлық ошақтарда энтомологиялық зерттеулер мен қорытынды дезинфекция жүргізілді.

2022 жылы кене шағу оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда үш есе өсті. Мәселен, 2021 жылы 238, 2022 жылы 601 кене шағу оқиғасы тіркелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу