Жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген облыстың үш тұрғыны құрықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 53 киік аңының өлі денесі, 12 мүйіз, ІІО-на тіркеуде жоқ 12 калибрлі аңшы мылтығы, пышақтар және жол талғамайтын екі автокөлік айғақ зат ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, аса ірі залал келтіре отырып сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған киік жануарын, олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз иемдену, тасымалдау, өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.