"Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Ө. Жарықбаев көшесінің бойында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Көше бойында "Kia Sportaqe" маркалы жеңіл автокөлігі құжаттарымен толығымен жанғаны анықталды. Өрт 13.12-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу