Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Самара-Шымкент" автомобиль жолының бірқатар бөлігінде транзиттік, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"13 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 12.45-тен бастап республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1240-1360 шақырым аралығына транзиттік, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданы орталығына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл шешім Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты қабылданып отыр", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.