Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел аман-есен босанды

999

Нәрестеден де covid-19 вирусына анализ алынды.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел аман-есен босанды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Жүкті әйел 8 сәуір күні түскен. Алғашқыда келіншекке жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылды. Себебі, денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. Ал, сovid-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның инфекция жұқтырғаны анықталды.

Ақхалаттылардың көмегімен науқас баласын аман-есен босанды. Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды.

"Нәрестенің салмағы 2 келі 970 гр, бойы 51 см. Баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестеден де covid-19 вирусына анализ алынды. Әйелді коронавирустан толық емдеп шығару үшін инфекциялық стационарға жатқызылды",– деп жазды Ләззат Ақтаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу