Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік ұсталды

854

Өзбекстандық 21 азамат республика аумағынан шығарылды.

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік ұсталды

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында 11 қазаннан бастап облыс аумағында “Нелегал-Кордон” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы 15 күнінде жалпы 743 құқық бұзушылық, оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік анықталды. Өзбекстандық 21 азамат республика аумағынан шығарылды.

Шетелдіктерді қабылдауда бұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды.

“Нелегал-Кордон” 28 қазанда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу