Қызылорда облысында қосымша 42 мың тонна көмір сатып алынады

636

Аймақта көмір қоры таусылуға жақын тұр. 

Қызылорда облысында қосымша 42 мың тонна көмір сатып алынады Фото: elorda.info

Қызылорда облысында қосымша 42 мың тонна көмір сатып алынады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста жылу маусымына 176 мың тоннаға жуық көмір сатып алынған. Бүгінгі таңда қара отын қоры таусылуға жақын тұр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өңір отынсыз қалмайтынын жеткізді.

Ақпаратқа сәйкес, теміржол көлігі мекемелері және жеткізуші кәсіпорындармен қосымша 42 мың тонна көмірді жеткізу туралы келісім жасалған.

"Аймаққа күн сайын 7-10 вагон көмір жеткізілетін болады. Облысқа Шұбаркөл кен орнынан барлығы 70 вагон көмір жеткізілмек. Тиісті келісімдерге қол қойылды. Көмір бірер күнде жеткізіледі деп күтіліліп отыр", - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу