Қызылорда облысында күн электр станциясы салынады

1817

Қызылорда облысында күн электр станциясы салынады

60 жылдан астам тарихы бар Байқоңыр қаласының екінші даму кезеңі басталады. Бұған дейін моноқала атанып келген аймақтың сан түрлі саласын өркендетуге айрықша ден қойылып отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Журналистердің сұрағына ауыл шаруашылығы жұмысын жан-жақты дамытып келе жатқан еңбеккерлер де, спорт және білім саласында табысқа жеткен жастар да жауап берді.

Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, облыстың бас шаһарымен бірге Байқоңыр қаласының дамуына көп көңіл бөлініп отыр. Ол үшін жаңа өндіріс орындары ашылып, ғарыш айлағының инфрақұрылымдық әлеуеті кеңінен қолданылады. Қазір Қазақстан мен Ресей арасында "Бәйтерек" бірлескен жобасы жүзеге асырылып жатыр.

"Сол арқылы Байқоңырға көрші мемлекеттің "Восточный" ғарыш айлағындағы жобалардың 60 пайызы беріледі", – деді облыс басшысы.

"Байқоңыр бұрын моноқала болатын. Тек қана ғарыш айлағының жұмысына байланысты. Ал енді қазір жаңа өндірістер пайда болады. Ұшақ шығаратын зауыт салынады, гидроэлектр станциясын салатын зауыт пен тігін фабрикасы болады. Сондай-ақ Сыр өңірінің білім саласындағы жетістіктері ауқымды. Биыл ондағы мектеп түлектерінің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түскен. Ал аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына облыс әкімдігінің арнайы гранты беріледі. Бұған қоса, 500-дей қызылордалық өрен Ресей оқу орындарында тегін оқиды. Яғни келешекте өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын білікті мамандар бар", - дейді Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, облыста ЕХРО 2017 көрмесінде таныстырылған 20 жобаны енгізу қолға алынды. Олардың 11-і тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жүзеге асырылады. Сонымен қатар Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 мегаваттық күн электр станциясын салу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу