Қызылорда облысында күн электр станциясының құрылысы басталды

1548

Ол екі кезең бойынша жүзеге асады. Біріншісінде нысанның құрылысы салынады, онан кейін қазіргі пайдаланылып жүрген 220 кВт қосалқы станцияға қосылады.

Қызылорда облысында  күн электр станциясының құрылысы басталды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Жобаны "Nomad Solar" компаниясы жүзеге асырады. Құрылыс жұмыстарына 60 адам тартылады. Ал нысан пайдалануға берілген соң тағы 18 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Күн электр станциясының қазығы қағылды. Ол екі кезең бойынша жүзеге асады. Біріншісінде нысанның құрылысы салынады, онан кейін қазіргі пайдаланылып жүрген 220 кВт қосалқы станцияға қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу