Қызылорда облысында құны 160 миллион теңге болатын балық зауыты іске қосылады

767

Зауытты салу үшін 1,5 га жер учаскесі бөлінген. 

Қызылорда облысында құны 160 миллион теңге болатын балық зауыты  іске қосылады

"Қазақстан  Аквамәдениет ЛТД" ЖШС Қызылорда облысында балықты терең өңдеу зауыты мен пластикалық қайықтар өндіретін цех құрылысына қатысты жобаны іске асырады, деп хабарлайды облыстың индустриальдық-инновациялық басқармасының баспасөз-қызметі.

Жоба өңірлік индустрияландыру картасының аясында іске асады.

Жоба құны - 160 млн теңге (қазіргі бағам – 360,12/$1).

Кәсіпорынның жоспарланып отырған қуаты- жылына 4 мың тонна балық өндіру.

"Зауытты салу үшін 1,5 га жер учаскесі бөлінген. Зауыттың құрылысы бірнеше кезеңнен тұрады, негізінен, мұздататын камерларды салу мен балықты сүзгіден өткізу цехын, балықты қақтау мен кептіру цехын іске қосу, өзінің қажеттілігі мен сату үшін пластикалық қайықтар шығаратын цехты салудан тұрады", - деп атап кетті ведомство.

Басқармадағылар тап қазіргі уақытта әкімшілік ғимарат құрылысы аяқталып қалғанын, мұздататын жабдық жеткізілгенін, сүзгіден өткізетін цехтың құрылысы жүріп жатқанын айтты.

Балық өнімдерін қалдықсыз терең, сондай-ақ жартылай дайын өнімді өңдеумен айналысатын зауытты биылғы жылдың қазанынада іске қосу жоспарланып отыр.

"Қазақстан Аквамәдениет ЛТД" ЖШС 2015 жылы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу