Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді бастады, деп жазады inbusiness.kz.
Күріш өндірушілердің сөзінше, өсім шикізат бағасының өсуімен байланысты (шала-тазартылмаған күріш), өңдеуден кейінгі өзіндік құны мен ең төменгі жалақының өсуіне әкелген. Күрішті өңдеп-өндіруді нарықтағы 20-дан астам субъект жүзеге асырады.
Агенттік күрішті сатудың тауар нарығына талдау жүргізді. Нәтижесінде шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда 16%-ға, 2022 жылғы қыркүйекте 19%-ға төмендегенін анықтады. Сондай-ақ күріш өңдеуші-өндірушілер қойған бағаның өсуі орта есеппен 25%-ды құраған.
"Осылайша агенттік Қызылорда облысының өндірушілерімен күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұру белгілерін анықтады. БҚДА аталымш облыстағы күріш өндірушілерге қатысты келісілген іс-қимылдар бойынша 6 хабарлама мен СҚО-дағы күрішті көтерме сатушы үстем жағдайды теріс пайдаланып, тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаларды қолданғаны анықтаған соң, 1 хабарлама шығарды. СҚО күрішті көтерме сатушысы хабарламаны орындап, бағаны 5%-ға төмендетті. Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны орындамау фактісі бойынша тергеп-тексеру тағайындалды", - делінген хабарламада.