Қызылорда облысында құрылыс көрсеткіші 37,1%-ға артты

634

Қызылорда облысында құрылыс көрсеткіші 37,1%-ға артты

Қызылорда облысында 2017 жылдың бірінші тоқсанында 137,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұны облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов хабарлады.

"2017 жылдың қаңтар-наурызында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 173,3 млрд теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 95,4%. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалады. Тамақ өнімдері және басқалай металл емес минералды өнімдердің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 9,6 пайызға жетті", – дейді Қуанышбек Ысқақов.

Жалпы, спикердің айтуынша,  облыс экономикасының маңызды бағыттарында өсім бар. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26,6 млрд теңге болды (өсім – 4,6%), құрылыс жұмысы – 5,7 млрд теңге (өсім – 6,1%) болса, 137,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім – 37,1%).

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,9 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бюджетке 24387,5 млн теңге салық және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға сәйкес 110%. Оның ішінде республикалық бюджетке 14551 млн теңге, жергілікті бюджетке 9836,5 млн теңге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу