Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна дайын өнім шығаратын құс фабрикасының іргетасы қаланды, деп хабарлайды egemen.kz.
"Өздеріңізге белгілі, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың экспорттық әлеуетін асыру. Міне, бүгін осы ойымыздың жүзеге асуына біртабан жақындадық. Қызылорда облысының тарихында ет өнімдерін шығаратын алғашқы құс фабрикасының іргетасын қалауға жиналып отырмыз. Осы орайда, талапқа сай, экономикалық негізі бар және тұрақты сұраныстағы инвестициялық жобаларды әрі бастамашы кәсіпкерлерді қолдап, оларды іске қосуымыз қажет", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу