Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"28 ақпанда сағат 04:37-де құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбесі 288 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себептері анықталуда. құрылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу