Қызылорда облысында қырым-конго безгегінен 1 адам қайтыс болды

733

Облыс көлемінде қырым-конго безгегі бойынша қолайсыз елдімекендер саны жылдан-жылға артып отыр. Ол 2014 жылы 116 болса, 2018 жылы 127 елдімекенге көбейіп кеткен.

Қызылорда облысында қырым-конго безгегінен 1 адам қайтыс болды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қырым-конго безгегінен 38 жастағы азаматша қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жалпы, Қызылорда облысы бойынша кененің көп кездесуі жөнінен облыстың оңтүстігінде орын тепкен Жаңақорған мен Шиелі аудандары алаңдатады. Қайғылы жағдай да сол аймақта тіркеліп отыр. Соңғы жылдарда кененің кездесуі облыстың барлық аймағында да байқалады. Аталмыш науқас 27 шілдеде ауруханаға түскен. Дәрігерлер қолдан келген барлық медициналық көмегін көрсетті. Алайда науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған жоқ", - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

Облыс көлемінде қырым-конго безгегі бойынша қолайсыз елдімекендер саны жылдан-жылға артып отыр. Ол 2014 жылы 116 болса, 2018 жылы 127 елдімекенге көбейіп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу