Қызылорда облысында қырым-конго геморрагиялық қызбасына шалдығу дерегі тіркелді

980

Жаңақорған ауданында улы кене шағу дерегі биыл 2-рет тіркеліп отыр. Тамыз айында жедел вирусты аурудан 38 жастағы келіншек көз жұмған болатын.

Қызылорда облысында қырым-конго геморрагиялық қызбасына шалдығу дерегі тіркелді

Жаңақорған кентінің 58 жастағы тұрғыны Әбубәкір Аманов ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды 24.kz.

Қызылорда облысындағы қырым-конго геморрагиялық қызбасына шалдыққан науқастың төрт түлік малын зерттеген эпидемиолог мамандар қорадағы сиырдан бірнеше кене алып, сынама жүргізген. Лабораториялық талдаулардан кейін жәндіктің улы екені анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу