Былтыр Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент мемлекет көмегі тек шынайы мұқтаж адамдарға берілуі керек екенін айтқан болатын. Осыған орай қала, аудан әкімдіктері жанынан мониторингтік топтар құрылып, көмек алушылар санын 30%-ға төмендету жоспарланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Былтыр жоспар 31,5%-ға орындалып, 1,5 млрд теңге қаржы үнемделді. Сөйтіп, 33 759 адамға 3,1 млрд теңге, алты жастағы 10 330 балаға 413,3 млн теңге қосымша төленді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу