Қызылорда облысында мұнайға қатысты қылмыстық топтар құрықталады

702

Қызылорда облысында мұнайға қатысты қылмыстық топтар құрықталады

2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу үшін  ауқымды операция бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде қылмысқа қатысты 8 адамды ұстады. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде "КАИС-сервис" ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), "Қарамай Ойл" ЖШС-да (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді.

Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу