Қызылорда облысында негізсіз алынған 150 млн теңге субсидия қайтарылды

140

Шаруашылықтар субсидия алу кезінде жалған ақпараттар ұсынған.

Қызылорда облысында негізсіз алынған 150 млн теңге субсидия қайтарылды Фото: mail.kz

Қызылорда облысының прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде негізсіз алынған 150 млн теңге субсидия мемлекет пайдасына қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Облыстық прокуратура облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді.

– Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру дерегі анықталды. Атап айтқанда, шаруашылықтар тарапынан субсидия алу кезінде шынайы емес мәліметтер ұсыну фактісі белгілі болды. Аталған заң бұзушылықтар сот талқылауы кезінде өз дәлелін тапқан. Соған қарамастан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шаруашылықтардан негізсіз алынған субсидия сомасын кері қайтармай, заң талабына қайшы сот шешімін қабылдаған. Осы ретте прокурорлық наразылықтан кейін апелляциялық саты сотымен бірінші саты сотының шешіміне өзгеріс енгізілді. Сол арқылы мемлекет пайдасына 150 млн теңге өндірілді, – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу