Биыл Сыр еліндегі 293 мектепте 164 500 оқушы оқиды. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасы хабарлады.
Оқушылар саны өткен жылдармен салыстырғанда 10 мыңға көбейген. Оның ішінде 1-сыныпқа келген оқушылар саны жобамен 2500-ге артқан. Басқарманың есебі бойынша облыста 1-сыныпқа 21553 оқушы қабылданған. Оқушылар санының өсуі негізінен Қызылорда қаласында байқалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу